Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мейрам. Ежелгі мысырлық пирамидаларда жүргізілген қазба жұмыстарында біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған ыдыс табылған. Онда «Жаңа жылдың басы» деген жазу бар. Алайда Месопотамия халқы Жаңа жылды мысырлықтардан бұрын мерекелей бастаған екен. 

Жаңа жыл туралы аңыздар мен қызықты деректер 

Stan.kz ақпарат агенттігі Жаңа жыл туралы аңыздар мен қызықты деректерді ұсынады. 

Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алады. Ежелгі халықтар Жаңа жылды наурыз айында мерекелеген. Дәл осы наурыз айында алқаптағы жұмыстар басталады. Сондықтан ежелгі римдіктер наурызды жылдың алғашқы айы деп санапты. Тек біздің заманымызға дейінгі 46-жылда Рим императоры Юлий Цезарь жылдың басы саналатын күнді 1 қаңтарға ауыстырған. 

Жаңа жыл туралы аңыздар

Аңыздардың бірінде Аяз атаның бейнесін алғашқы болып ғұндардың ойлап тапқаны айтылады. Ғұндардың Йерлу аталатын құдайы болған. Наным-сенім бойынша, ол жылдың алғашқы күнінде жер бетіне түседі. Бұл күні үйге шырша қою керек деген түсінік қалыптасқан. Себебі ғұндар үшін шырша – қасиетті ағаш. Демек, бұл ғұрып 5 мың жылдан бері бар. 

Наным-сенім бойынша, шыршаны безендіру дәстүрі ежелден бері бар және 2 мың жыл бұрын пайда болған. Ертеректе адамдар ағаштардың барлығының киесі бар және олардың бойында киелі рух өмір сүреді деп ойлаған. Дәл осы себепті ағаштарға сыйлықтар, тәттілер, жемістер мен жаңғақтарды іліп, рухтардың мейіріміне қол жеткізбек болған. 

Аңыздардың тағы бірінде рождестволық шыршаны протестантизмнің негізін құрушы Мартин Лютердің ойлап тапқаны сөз болады. Ол тотемдік ағашты христиан дінімен жақындастыру үшін, діндарлардан мерекелік шыршалардың басына Вифлеем жұлдызын тағып, бұтақтарына шырақтарды іліп қоюын сұрапты. 

Жаңа жыл туралы қызықты деректер

Тарихшылардың пікірінше, безендірілген алғашқы шыршалар 1605 жылы заманауи Францияның Эльзас жерінде пайда болған. 

Мұнан кейін біртіндеп бүкіл Еуропа тұрғындары шыршаларды безендіре бастаған. Десе де безендірілген шыршалар тек бай дворяндар мен көпестердің үйінде ғана болған дейді. Тек XIX ғасырда рождестволық шырша барлық үйлерге көрік бере бастаған екен. 

Ортағасырлық Германияда шыршалар ғана емес, қарағай мен шие ағашының бұтақтары да түрлі ойыншықтармен безендірілген. Шыныдан жасалған алғашқы шырша шары Тюрингияда (Саксония) жасалыпты. Шеберлер шыныдан қоңырау, жүрекше, құстар мен аңдар, шар, жаңғақ тәрізді түрлі пішіндер жасап, артынша оны ашық түсті бояулармен бояған.  

Білесіздер ме...

Жаңа жылдық алғашқы құттықтау қағазы 1843 жылы Лондонда басып шығарылған. 

Ақшақардың образын 1950 жылдардың ортасында балалар жазушылары Лев Кассиль мен Сергей Михалков ойлап тауып, балаларға арналған қойылымдарға Аяз атаның немересін қосқан. 

Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы» фильмі 1975 жылдан бері жыл сайын 31 желтоқсанда көгілдір экраннан көрсетіліп келеді. 

Ерлі-зайыптыларға ұл балалы болу үшін Жаңа жылда Лапландияға баруға кеңес беріледі. 

Кей халықтарда Жаңа жыл алдында көрген түс алдағы жылдың қандай болатынын аңғартады деген сенім бар. 

Әлемнің көптеген елінде Жаңа жыл түнінде аспан көк түсті болса, өнім мол болады деп сенеді. 

2016 жылы балалардың көбі Жаңа жылға сыйлық ретінде компьютерлік техника алуды қалаған. Ал ересектер Аяз атадан көбінесе басшыларын қатырып тастауды сұрайды екен. 

Еуропада рождестволық ағаштар ең көп сатылатын мемлекет – Дания.

Ресейдің зейнетақы қоры Аяз атаға «Ертегі еңбегінің ардагері» атағын берген. 
Санта-Клаустың бұғыларының есімі: Дэшер, Дэнсер, Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид, Доннер, Блитцен. Солтүстік Америкада қызыл мұрынды Рудольф бұғылардың бастаушысы болып саналады. 

Джеймс Белуши актерлік мансабына дейін Санта-Клаус болып нәпақа  тапқан және сыйлықтарды жеткізу кезінде тұтқындалыпты. Полицейлер жүргізуші куәлігі болмағаны үшін, балалардың көз алдында Санта-Клаустың қолына кісен салған. 


Наурыз мерекесі туралы қызықты мәліметтер

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр