Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектепке қолында қаруы бар түлектің келуі - бұл өте үлкен мәселе" - Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықпен есептік кездесу барысында Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында министрге мектеп директоры жасырын сұрақ қойды.

"Қазандағы оқиғадан кейін тағы да бізден бейнебақылау мәселесін тез шешу үшін курстардан жедел өтуді талап ете бастады. Келіп, айыппұл саламыз деп қорқытуда. Бізді проблемалармен жалғыз қалдырды. Барлық жауапты министрліктер қайда?"- деп сұрады ол.

Аймағамбетов өз кезегінде мектептердегі қауіпсіздік тек білім беру ұйымдары мен директорлардың мойнында емес екенін атап өтті.

"Мәселені жалғыз шешуге болмайды. Курстарға келетін болсақ, кеше педагогикалық кеңесте айтқан болатынмын, қауіпсіздік мәселесіне қандай да бір науқан ретінде қарауға болмайды. Қазір барлығы түрлі курстардан өтіп жатыр. Бұл курстардың мазмұны, курстардың өздері әлі де күмән тудырады. Біз "жол картасын" жасадық және оны жүзеге асырамыз. Әзірленген іс-шаралар бойынша ақырындап, жүйелі, кешенді әрекет ету қажет", - деді министр.

Сондай-ақ, білім министрі барлық мектептерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау қажет екенін атап өтті. Бірінші кезекте, қала мектептерін, деді министр.

"Әрине, ұжымның да, балалардың да төтенше жағдайдағы әрекетін шешу өте маңызды мәселе. Көптеген адамдар Қазан қаласындағы жағдай туралы айтады, бірақ біз алыс шетелдердегі көптеген мектептердегі жағдайларды зерттедік. Мұндай жағдайда балалар, мұғалімдер және жалпы мектеп қызметкерлері өздерін қалай ұстауы керек. Сондықтан біз де бұл мәселені бірінші кезектегі мәселе деп санаймыз. Мектепке қолында қаруы бар түлектің келуі - бұл өте үлкен мәселе", - деп мәлімдеді Аймағамбетов.

Талқылау