Мектеп жабылады: Оқушыларда коронавирус анықталған жағдайда қандай шаралар қабылданады
Қазақстанда бірнеше сыныптарда вирус анықталған жағдайда мектеп жабылатын болады. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есмағамбетова бір сыныптағы оқушыларда вирус анықталса, олар толыққанды тестілеуден өтіп, оқшауланатынын айтты. Ал егер бірнеше сыныпта коронавирус жұқтырғандар болған жағдайда, барлық мектеп жабылып қалуы мүмкін.
"Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирустық инфекция анықталған болса, мамандармен эпидемиологиялық тексеріс өткізіледі. Сол сыныптың оқушыларына сабақ беретін мұғалімдері бір инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланып, зертханалық тексеріледі. Егер ауру бірнеше сыныптарда немесе әртүрлі сыныптарға сабақ берген мұғалімдерде анықталса, ауруды одан әрі болдырмау мақсатында мектеп толығымен жабылуы мүмкін", - дейді Есмағамбетова.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді