Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысы жыныстық қатынасқа түспей жүкті болған

АҚШ тұрғыны жыныстық қатынасқа түспей жүкті болғаны туралы хабарлаған. Ол өзінің оқиғасымен TikTok желісіне бөліскен, деп хабарлайды шетелдік Buzzfeed басылымы.

Саманта Линн Изабель (Samantha Lynn Isabel) 19 жасында болғанда, оның етеккірі кенеттен тоқтап қалған. Ол жүктілік туралы тіпті ойламаған, себебі жыныстық қатынасқа түспеген. Алайда, оның сүйіктісі  жүктілік тестін жасауды сұраған.


Мектеп оқушысын үй тапсырмасын орындамағаны үшін түрмеге қамады


Сынақ оң нәтиже көрсеткен. Америкалық қыз тағы бірнеше рет сынақ тапсырған, бірақ нәтиже сол қалпы өзгермеген. Дәрігерге барғаннан кейін ол жүктіліктің бесінші аптасында екенін білген. Жоғары сынып оқушысы есеңгіреп қалып, не істерін білмепті.

Ол кезде қыз мектеп бітіріп жатқан, қатты мазасыздықтың салдарынан екі рет оқудан шығып, колледжге түспекші болып жүрген. Ақыр соңында, ол баланы босанамын деп шешкен.

Изабель серігі екеуі бір-бірінің жыныс мүшелерін ұстағандықтан жүкті болдым деп санайды. Қазір оның бірінші баласы бес жасқа толған, ал бір жыл бұрын сүйіктісі екеуінің екінші ұлы дүниеге келді. Достары мен туыстары қалжыңдап оны Мария деп атайды.

Дәрігер-гинеколог Дженнифер Линкольн Изабельдің жағдайы өте сирек кездесетінін, бірақ мұнда тылсым ештеңенің жоқ екенін айтады.  Ол жасөспірімдерді  контрацепция әдістеріне жүгінуге шақырды.

Талқылау