Мектеп оқушыларына вакцинацияға келісім беруге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр деген ақпарат тарады
Мектеп оқушыларын алдап, вакцинацияға келісім беруге қол қойдырып жатыр деген ақпарат желіде тарады. Аталған мәліметті Білім және ғылым министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствода атап өткендей, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды.
Сонымен қатар нұсқаманы түсіндіру оқушылардың құқықтарын бұзуға жатпайды.
“Әрбір нұсқама кезінде журналды толтыру міндетті. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаманы өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушының, оқушылардың қолымен болуы тиіс. Журналдағы ақпарат құқықты бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық шараларымен таныс екенін растайды", – деп түсіндірді Stopfake.kz.
Сонымен қатар журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім формасынан ерекшеленеді.
Талқылау

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
Бұл алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Жайық өзенінде болған