Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушыларына сатылмайды: Атырауда қантқа кезек артқан

Атырауда тұрғындар тәтті өнімдерді бюджеттік бағамен сататын, өз-өзіне қызмет көрсету дүкендерінің қантқа кезекте тұрған мектеп оқушыларын тіпті елемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

қант

Қалада қант әлі де тапшы. 

“Бүгін "Лидер" дүкеніндегі қантқа кезекті бақыладым. Олар 10-15 қап қантты әрқайсысы екі келіден сатуға шығарады. Адамдар кезекті сақтаумауда ал мектеп оқушыларына қантты тіпті бермейді. Мүмкін ата-анасы жұмыста немесе басқа себептер бар шығар. Мектеп оқушыларына неге қант сатпайды?” – деп ашуланады Атырау қаласының тұрғыны Нұргүл Қасанғалиева.



Сатушылар болса бұл әкімшіліктің бағыты екенін айтып иығын қағады.

Күні кеше әкімдік қанттың жаңа партиясы келгенін хабарлады. Тұрғындар бұдан кейін қант барлығына тіпті мектеп оқушыларына дейін беріледі деп үміттенетіндерін айтты.

Қант көптеген ірі сауда орталықтарында тапшы. Тіпті тазартылған түйіршіктелген қант жоғалып кетті.

Талқылау