AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күзге дейін қант бағасы тағы өседі - сарапшы

Сарапшылар күзге дейін Қазақстанда шекер құны тағы 15 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

кантт

Тек бір жылда баға 60,5 пайызға көтерілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда үш жарым есеге көп.

Биыл қант құны мен оған деген сұраныс бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды. Шекерді Ресей арқылы тасымалдау тоқтаған тұста баға 34 пайызға көтерілсе, сәуірде 4 жарым, мамырда тағы 6 пайызға қымбаттап шыға келген.

Қазір әлеуметтік дүкендерде оның бір келісі 500 теңгеден саудаланып жатыр. Ал сауда нүктелерінде 700 теңгеден басталады. Дегенмен шарықтау шегі бұл да емес дейді сарапшылар. Үкімет айтқандай, шекердің қоры қоры толық жиналмайынша, баға күзге дейін тағы көтерілуі мүмкін.

“Күз- нағыз шаруа мен егістіктің кезеңі. Биылғы өнім сол мезгілде қайта жинала бастайды. Сонда ғана баға түседі. Ал оған дейін тағы 15 пайызға көтеріледі деп болжап отырмыз. 24 және 25 мамырдағы бағаның құбылуына да өзіндік себептер бар. Үндістан қант экспортына тыйым салды. Ол әлемдік бес ірі эспортерлердің бірі. Жаһандық логистикадағы қиындықтар да саудаға кері әсерін тигізді”, – дейді сарапшы Кирилл Павлов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр