Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушылары арасындағы буллинг неге өршіп кетті: Министрлік себептерін атады

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстан мектептеріндегі буллинг себептеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда буллинг жағдайлары азайып келеді. 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеген дейді ол.  

"Биыл да буллинг жағдайлары төмендейді деп күтеміз. Себебі мемлекет қабылдап жатқан шаралар оқушылар арасындағы жағдайды жақсартуға бағытталған", –деді Еділ Оспан. 


Семейде оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді


Еділ Оспанның айтуынша, мектептердегі буллингке  гаджеттер мен ата-аналардың балаларды жеткілікті деңгейде бақыламауы себеп болып отыр.  

"Мұнда мәселені кешенді түрде қарау қажет. Себептері әртүрлі. Негізгі себептердің бірі – интернет. Балаларға гаджеттер қолжетімді. Екінші негізгі себеп – ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі. Бүкіл қоғам, депутаттар, үкімет, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ – осы бағытта бірге жұмыс істеп, халықты, ата-аналарды ақпараттандыру қажет", – деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. 

Талқылау