"Мектеп директоры болып жұмыс істейтін әкем анамды ұрып, балаларын қорлайтын": Қостанайлық журналист отбасындағы зомбылық жайлы шындықты айтты
Қостанайлық журналист директор болып жұмыс істейтін әкесінің жылдар бойы отбасына тұрмыстық зорлық көрсеткенін айтты. Оқиға туралы ол Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Самат Кәрімовтың айтуынша, мектеп директоры қызметіндегі әкесін барлығы мейірімді деп сипаттайтын. Алайда ұлы көп адамның әкесі жайлы қате пікірде болғанын жазған.
“Менің биологиялық әкем үйдегі тиран және мектеп директоры. Мектеп кезінде жиындарда мейірімділік пен әдептілік жайлы айтқанда, жақында ғана анамның аяғын сындырып, балаларының бірін қорлағаны есіме түсетін. Мұғалімдер оны мейірімді адам деп атағанда бар шындықты жайып салғым келетін. Самбоны үйрететін кітапты сатып алып, сондағы ақпаратты әйеліне қолданатын адамды мейірімді деп айтуға бола ма?
Әжелер әкемді үй жақтағы маскүнемдерге үлгі еткенде, өз-өзімді ұстай алмайтынмын. Олардың ұлдары мас күйінде әйелдер мен балаларын ұрады. Ал біздің әкеміз үшін арақ та, сыра да қажет емес еді”, – дейді ол.
Айтуынша, тек қазір ғана ол әкесінің ықпалынан толық құтылған.
“Әкем анамды ұрмайды деп өзімді сендіргім келетін. Жылдар өтіп жатты. 10 жасымда алғаш рет анамды жақтап шықтым. 15 жасымда алғаш рет әкемді ұрдым. 23-те оның ықпалынан толығынан шықтым. 30-ға келгенде менімен қарым-қатынас жасауына жол бермеймін", – деп жазды Самат Кәрімов.
Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды
Оның айтуынша, қазір ата-анасы бірге тұрмайды, алайда анасының нұсқауымен балалары ара-тұра әкесімен байланысуға мәжбүр. Самат Кәрімовты әкесі сияқты адам директор бола ала ма деген сұрақ мазалайды.
"Мен оның әлі де мектеп директоры болып жұмыс істейтінін ойласам, ішім ашиды. Ол мұғалімдер мен студенттерге мейірімділік пен әдептілік туралы әңгімесін айтуын тоқтатпаған. Мұны қалай тоқтатуға болады? Мұндай жағдайды қалай алдын алуға болады? Иә, мен бала кезде алған травмамды емдеген жоқпын, түсінемін. Алайда маған бұл травманы жеңу жеңілірек болады. Еліміздегі ең қатігез және ауру адамдардың бірін тек карма ғана емес, сонымен бірге әділет жазаланса бұл мүмкін болар еді", – деп жазды Самат Кәрімов.
Жазбаға бірқатар адамдар, соның ішінде психологтар, заңгерлер, Саматтың әріптестері ойын білдірген.
Белгілі болғандай, пост авторының әкесі қазір СҚО-да Айыртау ауданы Арықбалық орта мектебінің директоры болып жұмыс істейді.
Атырау облысында мұғалім сәбиін босанып, қоқысқа лақтыра салған: Сот үкім шығарды
СҚО Білім басқармасының BaigeNews.kz порталына берген түсіндірмесінде басқарма директордың өткен өмірінен хабардар болмағаны айтылды. Бұл лауазымға ол 2016 жылы конкурстық комиссияның шешімі негізінде тағайындалған екен.
Алайда басқарма директормен әңгіме жүргізгенін атап өтті.
"Айыртау ауданының білім беру бөлімінің басшылығы А.М.Каримовпен жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлықтың моральдық, этикалық нормаларын сақтау қажеттілігі және педагог мәртебесіне нұқсан келтіретін мінез-құлыққа жол бермеу туралы әңгіме өткізді", – деп жауап берді ҚР БҒМ-де.
Мектеп директорының өзі журналистермен сөйлесуден бас тартқан.
Адвокат Айман Омарова құқық бұзушылықтың мерзімінің өтуі деген түсінік бар, уақыт өте келе мұндай фактілерді дәлелдеу қиынға түсетінін айтады.
“Мысалы, азаматтық істердің мерзімі – үш жыл, сіз моральдық залал үшін сотқа жүгінсеңіз. Құқық бұзушылық міндетті түрде дәлелденуі керек. Мүмкін, қосымша анықтамалар, дене жарақаттарының дәлелі бар шығар. Балалық шақта зорлық-зомбылыққа ұшырағанын анықтайтын психологиялық сараптама жасалуы мүмкін. Егер мерзімі өтіп кетсе де, құқық бұзушылық дәлелденсе, отбасына қол көтергені анықталса, мектеп директоры болып жұмыс істеудің қаншалықты заңды екендігі туралы мәселе туындайды”, – дейді ол.