Мектеп бітірушілер Қарағанды әкімдігіне соғылды
Қарағандыда мектеп түлектері облыс әкімдігі ғимаратының жанында бетон қоршауды көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Рөлде кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Алдын-ала болжам бойынша ол көлікті басқара алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, полицейлер келгенге дейін көлікте болған мектеп оқушылары түлектерге арналған лентаны ұмытып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жүргізуші куәлігінсіз жүргені мен жол апатына себепкер болған оқушыға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынады.
"Тексеру барысында жоғарыда аталған автокөлік оған тиесілі екені анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші 18 жасқа толмаған, 26 маусымда кәмелетке толады. Оның жүргізуші куәлігі жоқ. ТКШ келтірілген шығынның есебін береді", - деді Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”