Мексикада қылмыстық топтардың арасындағы қанды қырғыннан 30 адам мерт болды
Мексиканың Герреро штатындағы Хелиодоро Кастильо қаласында 30 адамның өліміне әкелген қырғын болды, бірақ ресми дереккөз бес өлім болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eluniversal.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топтардың қарулы қақтығысынан бес адам қаза тапқан. Полицейлер олардың күйген денелерін тапты.
Жергілікті БАҚ екі қылмыстық топ арасындағы қақтығыс кезінде кем дегенде 30 адам мерт болғанын хабарлады. Оларға дрон шабуыл жасады.
Мексика билігі бұл біраз уақыттан бері дауласып келе жатқан Familia Michoacana және Los Tlacos қылмыстық топтары арасындағы қақтығыс деп мәлімдеді.
Тергеушілер басқа қылмыстардың дәлелін таппады. Жергілікті тұрғындар өлгендердің қалдықтарын анықтауға және алдын ала тергеуге мүмкіндік беретін ДНҚ үлгілерін беруден бас тартқан.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр