Ғалымдар мұрынға арналған маска жасап шығарды
Мексикада мұрынға ғана арналған маска жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мексикалық ғалымдар әзірлеген маска ас ішкен кезде мұрынға киюге арналған. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Масканың жаңа түрін мексикалық ғалымдар Густаво Акоста Альтамирано мен Ана Мария Гонсалес әзірлеп шығарды.
Коронавирус инфекциясы тыныс алу дене мүшелері арқылы таралады. Оның ішінде мұрын да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға мұрынды, ауызды және кеңірдекті жауып тұратын маска тағуға кеңес берген болатын.
Сондай-ақ, АҚШ-тың аурулар бойынша профилактика және бақылау жөніндегі орталық зерттеуі қос қабатты маска тағу КВИ індетінің таралуын айтарлықтай азайтатынын көрсетті.

Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар