"Медеуде" Yandex Qazaqstan Day технологиялар фестивалі өтті
Шара кезінде Yandex Qazaqstan компаниясы жаңа өнімдерін таныстырды. Келушілерге екі тілді Алиса мен Нейро сервисі және курьерлерге арналған электр велосипедтер ұсынылды.
27 маусымда "Медеу" мұз айдынында Yandex Qazaqstan Day өтті. Бұл – Yandex Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған ауқымды фестиваль.
Фестивальдің басты тақырыбы — технологиялар мен олардың әлемге: тіл, мәдениет, қала мен бизнеске әсері. Yandex Qazaqstan Day қонақтары автономды роботтарды жасап, генеративті нейрожелілерді оқытатын мамандармен танысты. Шараға шақырылған сарапшылар — кәсіпкерлер, блогерлер, урбанистер мен шығармашылық мамандық өкілдері өз әңгімесімен бөлісіп, компанияның жаңа өнімдерін бірінші болып көрді.
Yandex Qazaqstan фестивальде не көрсетті
"Тіл" трегі
Екі тілді Алиса ақылды үндеткіші
Компания қазақ және орыс тілдерін білетін, әрі екі тілге еркін ауыса алатын Алиса қосылған ақылды үндеткіштерді таныстырды. Сұрақ қазақ тілінде қойылса, Алиса қазақша жауап береді. Орыс тілінде қойылса — орысша жауап береді. Алисамен екі тілде де сөйлесіп, тапсырма беруге болады.
Сондай-ақ оған музыка қосу, ақылды үйде жарық жағу, таймер қою, ауа райы болжамын айтқызу секілді тапсырма бере аласыз. Қостілді Алиса жаңа үндеткіштерге де, бұған дейін сатып алынғандарына да қосылған. Сонымен қатар Браузер мен Яндекс қосымшасында да бар.
Нейро
Фестивальде жаңа Нейро сервисі көрсетілді. Оған қазақ немесе орыс тілінде сұрақ қойып, бір қысқаша жауап алуға болады. Нейро сервисінде іздеу мен үлкен генеративті модельдердің мүмкіндіктері қамтылған. Сұраққа жауап беру үшін бұл сервис іздеу арқылы шыққан ақпарат көздерін зерттеп, мәліметті бір хабарламаға біріктіріп береді. Нейроның жауаптарында қолданылған материалдардың барлығына сілтеме беріледі. Мұның арқасында пайдаланушы тақырыпты егжей-тегжейлі зерттей алады. Нейро yandex.kz-те бар.
"Мәдениет" трегі
Жақсартылған музыкалық ұсыныстар мен Әлішер Утевтің жаңа телехикаясы
Яндекс Музыка "Менің толқыныма" қазақ тілін үйретеді. Бұл ұсыныс алгоритмдеріне қазақстандық орындаушыларды жақсырақ түсінуге көмектесіп, олардың көбірек тыңдарман жинауына септігін тигізеді. Кинопоиск жаңа телехикаяның аңдатпасын жасады — оның сценариін Әлішер Утев жазып жатыр.
Сондай-ақ Букмейт Қазақстанның ең ірі баспа үйлері ұсынған классикалық және заманауи кітаптардың сөресін ашатынын жариялады. Осы және өзге де жобалар Яндекс Плюске жазылушылардан түскен табыс есебінен қаржыландырылады.
"Қала" трегі
Курьерлерге арналған электр велосипед
Қазақстандағы курьерлер олар үшін арнайы жасалған электр велосипедтерге ауыса алады. Ол тізгінде шаршамау үшін отырғанға өте ыңғайлы етіп жасалған, USB-қуаттағышы мен сөмкеге арналған жүксалғышы бар. Электр велосипедтер жайлырақ қана емес, қауіпсіздігі де жоғары: жаңа көлік түрі IoT-модулінің көмегімен жылдамдықты қадағалап отырады, жүріп келе жатқан аумақта белгіленген шамадан асыруға мүмкіндік бермейді.
Алматыдағы робот-жеткізушілер
Yandex Qazaqstan Алматы әкімдігімен қалада робот-жеткізушілерді іске қосу мүмкіндігін талқылап жатыр. Олар Яндекс Go қосымшасындағы Еда арқылы берілген тапсырыстарды жеткізетін болады. Мұндай роботтар жолдағы кедергілерді анықтап, айналып өтіп, өз бетінше 2 шақырымға дейінгі қашықтыққа жүре алады. Олар қала тұрғындарын мазалап, қатты шу мен зиянды газ шығармайды, әрі көліктерге қарағанда, әлдеқайда шағын.
Яндекс Go-дегі Ultima
Алматыдағы Яндекс Go пайдаланушыларына енді Ultima премиум сервистері қолжетімді болды. Ол арқылы қызмет сапасы аса жоғары жаңа Premier санатындағы — салтанатты седандармен және сәнді кроссоверлермен жүруге, қаладағы авторлық мейрамханалардың тағамдарына тапсырыс беруге болады. Тапсырысыңыз тағамның дәмі мен температурасын сақтап тұратын ерекше қаптамаға оралады; оны Ultima униформасын киген тәжірибелі курьер жеткізіп береді.
"Бизнес" трегі
Баршаға қолжетімді Yandex Cloud пен Карталардағы API-дің жаңартылуы
Yandex Cloud ашық рұқсат режимінде жұмыс істей бастады. Енді оның мүмкіндіктерін кез келген адам пайдалана алады. Платформа қызметтерінің тізімі де ұлғая түсті — Yandex Cloud Қарағандыдағы дата-орталық негізінде 30-дан астам бұлтты сервис пен технология ұсынады. Бизнеске арналған тағы бір өнім — Яндекс Карталардағы API-де Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық нысандардың жіктелімімен синхрондау пайда болды. Енді тұтынушылар картадағы нысандарды іздеген кезде оларға қай ӘАНЖ коды сәйкес келетінін біліп, жауаптарды өз ішкі жүйелеріндегі деректермен салыстыра алады.
Yandex Qazaqstan Day шарасында жаңа өнімдерді іс жүзінде қолданып көруге болатын интерактивті аумақтар жұмыс жасады. Фестиваль қонақтары Нейроның жауаптарына баға беріп, робот-жеткізушілердің құрылысын зерттеп (және лидарда селфи жасап), жаңа электр велосипедті көріп, екі тіл білетін Алисаның көмегімен ақылды үйді басқарып көрді. Фестивальде самокатты қауіпсіз тебу жолдарын да үйретті — ол үшін алаңда арнайы полигон жасалды. Келушілер таксидегі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы қалай шығарылатынын да зерттеді: мәселен, виртуалды қалада жаңбырды қосып, оның такси қызметінің құнына қалай әсер ететінін көрді.
Фестиваль күні бойы жалғасып, "Ирина Кайратовна" тобының өнер көрсетуімен қорытындыланды. Yandex Qazaqstan Day шарасына екі жарым мыңнан астам адам жиналды.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
