"Заң жүзінде бұл салымшылардың емес, қордың жеке ақшасы": Мәжіліс депутаты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін БЖЗҚ-дан 211 миллиард теңге алуды ұсынды
Amanat фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (әрі қарай БЖЗҚ) әлеуметтік мәселелерді шешу үшін 211 миллиард теңге көлеміндегі бөлінбеген пайданы алуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БЖЗҚ пайда болған уақыттан бастап 211 миллиард теңге көлеміндегі бөлінбеген пайда жиналған. Бұл қаржыны БЖЗҚ өз қалауы бойынша басқарып, бөле алады.
"Үкіметтің БЖЗҚ-дан бөлінбеген табысы – 211 миллиард теңгені алып, әлеуметтік мәселелерді жұмсауға жібергені жөн", – деді ол мәжіліс отырысында.
Депутаттың сөзінше, БЖЗҚ-ды мемлекеттің тікелей басқаруына беру керек. Еңбек және әлеуметтік қорғау минисрлігінің бақылауына берілген соң, есеп комитеті соңғы жылдардағы қордың шығындарын тексеру қажет дейді.
"Заң жүзінде бұл салымшылардың емес, БЗЖҚ-ның жеке қаржысы", – деп толықтырды ол.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі