"Бізді ажал айырғанша": Ксения Собчак пен күйеуіне той кортежі үшін айыппұл салынды
Мәйіт тасымалдайтын көлікпен жүрген Ксения Собчак және күйеуіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 қыркүйекте көптен күткен тойлардың бірі болып өтті. Ксения Собчак және Константин Богомолов бұл ерекше күнді жақындарының жанында өткізуді дұрыс деп тапқан. Жас жұбайлар некелерін тіркегеннен кейін шағын кеш өткізген.
Той Мәскеу мұражайының маңында өтті. Мәйіт таситын көліктің артында сайран салған жас жұбайларды жол полициясы жазалаған. Бастапқыда оларды көліктің арты ашық болғаны үшін және қауіпсіздік белдігі тағылмағаны үшін айыптаған.
"Полиция қызметкерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Олар бізді мәйіт тасымалдайтын көлікпен белдіксіз жүрді деп тұтқындады", - дейді Ксения Собчак.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр