Маймыл шешектің тағы бір пандемияға ұласу қаупі бар ма?
ДДСҰ денсаулық жағдайына назар аударуға, бейжай қарамауға және күдіктенетін белгілер анықталған жағдайда дер кезінде дәрігерге баруға кеңес береді. Бірақ бұл ретте ұйым сапарларды шектеудің немесе вакцинация бағдарламасын жүргізудің қажеті жоқ деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Earth-chronicles.ru басылымының хабарлауынша, маймыл шешегінің COVID-19-дан айырмашылығы ол ауа арқылы таралмайды. Бұл ауруға қарсы вакцина өте тиімді деп саналады. Сондықтан, дүрбелең тудырудың қажеті жоқ дейді.
Бұл вирустың Африка континентінен басқа жерде анықталуының бірінші жағдайы емес екені атап өтілді. 2003 жылдың ортасында АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары алты штатта 71 жағдай туралы хабарлады.
35 жағдайда зертханалық зерттеулер аурудың қоздырғышы маймылдың шешек ауруы екенін растады. Осы расталған жағдайлардың барлығына Иллинойстағы жануарлар дистрибьюторынан сатып алынған вирус жұқтырған дала иттері себеп болған, олар өз кезегінде вирусты Ганадан әкелінген гамбиялық алып егеуқұйрықтардан жұқтырған.
2018 жылы Ұлыбританияда да вирусты жұқтырған үш науқас тіркелді.
Маймыл шешек әлі де қауіпті ауру болып саналады, тұрақты асқынулары сепсис пен энцефалиттен бастап, көз инфекциясына байланысты соқырлыққа дейін әкелуі мүмкін. Медициналық ем-домсыз және вакцинациясыз ауру жұқтырған әрбір он адамның бірінде өлімге әкелетін асқыну қаупі бар.
Белгілі болғандай, вирустың оңай таралуына саяхаттаудың жоғарылауы және гигиенаны сақтаудың әлсіреуі себеп болып отыр.