Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майқайыңдағы автобус апатынан қаза болған құтқарушының отбасына уәде етілген төлемақының жартысынан көбі төленбеген

Майқайыңда тау-кен құтқарушысының қазасы үшін оның отбасына 4,5 миллион теңге уәде етілгенімен, орнына 2 миллион теңге ғана берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Майқайың-алтын" шахтасында автобус жер астына құлап, салдарынан тау-кен құтқарушысы Олег Тышкевич көз жұмған еді.  Оның қызы кәсіпорынның өз қызметкерлеріне деген шынайы көзқарасы туралы айтты.

“Қайғылы хабарды көршілерден естідім, компания еш ескертпеді. Ол түнгі бір-екілер шамасында мерт болды, ал маған суық хабар түстен кейін ғана жетті. Жерлеу рәсімінен кейін ешкім бізге мән бермеді. Тұтқаны көтермейді. Бізге 4,5 миллион берілген жоқ, "Майқайың-алтыннан" 2 миллион теңге ғана бөлінді. Тегін психолог көмегі де болмады. Барлығы жасырынып, ағам екеумізді жалғыз қалдырды", – деді Яна Осолодкова.



Тау-кен құтқарушысының қызы "Майқайың-алтын" АҚ-да 27 жыл жұмыс істеген әкесі жұмыс берушінің салғырттығынан көз жұмды дейді. 

Бұған дейін тағы бір тау-кен құтқарушысының жұбайы Нұрсұлу Шаймерден желіде тараған ақпарат шындыққа сай келмейтінін айтты. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған еді. Екі адамның денесі табылды. Ал тағы екі адам мінген жер астына құлаған автобус әлі іздестіріліп жатыр.

Талқылау