Павлодар облысында автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап, кем дегенде екі құтқарушы қаза тапты
Павлодар облысында автобус шұңқырға құлап, кем дегенде екі құтқарушының қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
“Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары қаза тапқан екі жолдасымыздың денесін құмнан тапқанын өкінішпен хабарлаймыз. Оларды жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді кәсіби әскерилендірілген төтенше жағдайлар қызметінің республикалық орталық штабы.
- Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады
- Қазақстанның Ұлттық университетінде миллиондаған ақша жымқыру фактісі анықталды
Автобус әзірге табылмаған, іздеу жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"