Майқайыңдағы автобус апаты: Жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарының тоқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/pavlodar_tjd
Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.
- "Майқайың-алтын" кенішіндегі автобус апаты: Іздестіру қауіпті жағдайда жүргізіліп жатыр
- Майқайыңдағы автобус апаты: Шұңқыр түбінде ойық пайда болғандықтан іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды
GRP-RIDDER-GROUP компаниясы жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Топырақтың астында қуыстар пайда болған. Бұл тау жынысының құлау қаупі өте жоғары екенін көрсетеді. Бұл учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу барлық қатысушыға өте жоғары қауіп төндіреді.
“Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты, жүргізіліп жатқан жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты "Майқайыңалтын" АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылады”, – делінген хабарламада.
"Майқайыңалтын" кенішінің жанында 4 құтқарушы мінген автобус апатынан кейін бір ай өтті. Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған еді. Екі адамның денесі табылды. Ал тағы екі адам мінген жер астына құлаған автобус әлі іздестіріліп жатыр.