Майқайыңдағы автобус апаты: Шұңқыр түбінде ойық пайда болғандықтан іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті “Майқайың-алтын” АҚ аумағында ойыққа құлап кеткен автобусты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болған. Кеніші аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше тоқтатылып, құтқарушылар жер бетіне шығарылды.
"Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады", – деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі автобусты іздеу жұмыстары құтқарушылардың өміріне төнген қауіпке байланысты тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады