Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев сыртқы істер министрлігінің "Азаттыққа" не себепті аккредитация бермегенін айтты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сыртқы істер министрлігі "Азаттық" журналистеріне не себепті аккредитация бермегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Сенат төрағасы бұл мәселені дұрыс түсінуге шақырып, түрлі бұрмалау болмауы үшін басын ашып алу қажет екенін жеткізді.

"Азаттық радиосының кейбір журналистеріне аккредитация берілмеу мәселесіне байланысты Сыртқы істер министрлігінің нақты ұстанымы бар. Олар аккредиттеуден өткізбеді. Өйткені Сыртқы істер министрлігінің шешімі редакция мен журналистерінің Қазақстан заңнамасын бұзуына байланысты болып отыр. Мысалы, егер БАҚ заңды, қандай да бір тәртіпсіздіктерді, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерді өзгертуге шақырса, біздің еліміздің заңына сәйкес жауапқа тартылуы керек", – деді Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етілген және ол үшін барлық қажет шара қабылданып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өкілдіктің 36 қызметкерін аккредиттеуден немесе аккредитация мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған" еді.

Сондай-ақ күні кеше "Азаттық" радиосының өкілдігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына журналистерге аккредитация бермеу мәселесіне қатысты шағым түсірген

Талқылау