Математика оқулығына Қайрат Нұртасқа қатысты тапсырма енгізілген – Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
Желіде математика оқулығына Қайрат Нұртасқа қатысты тапсырма енгізілгені туралы ақпарат тарады. Алайда Оқу-ағарту министрлігі мұны жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, бұл мұғалімнің жеке өзі жасаған тапсырма.

Фото: Электронды оқулықтан скриншот
"Фотосуретте берілген ""Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбындағы тапсырманы мұғалімнің өзі әзірлеген. Оқулықта (математика, 3-сынып) мұндай тапсырма жоқ", - делінген хабарламада.
Министрлік оқулықтың фотосуретін көрсетті.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Айта кетейік, бұған дейін cенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстан тарихы оқулығын жаңа көптомдықтың негізінде қайта жазып шығуды сұраған еді. Ол өз сөзінде қазіргі оқулықтарда мемлекет құруға аз көңіл бөлінетінін түсіндіреді. Депутат сондай-ақ мектеп бағдарламасында қазақ хандары Жошыдан тарайтынын баса айту керек екенін мәлімдеді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген