"Массың деп келмей қойды": Таразда келіншектің өліміне себепкер болған жедел жәрдем диспетчері жұмыстан босатылды
Таразда жедел жәрдемге қоңырау шалған әйелді мас деп ойлап, селқос қарағаны үшін жедел жәрдем диспетчері жұмыстан шығарылды. Инфарктпен ауыратын әйелді маскүнем деп ойлап, соның кесірінен ол медициналық көмек ала алмай көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

46 жастағы Людмила Остапенконың туыстары кінәлілердің жазадан жалтарғанына наразы. Науқаспен сөйлескен диспетчер жұмыстан босатылды, ал қалған екі диспетчер қатаң сөгіс алды. Диспетчерлік қызметтің бастықтары мен станция бас дәрігерінің екі орынбасары сөгіс алды. Бұл факті бойынша прокуратура қылмыстық істі ашудың алғышарттарын анықтады.
"Бұл істі соңына дейін жеткізгіміз келеді. Прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз бар деп жауап бергендіктен, оны қозғау керек деп санаймын. Бірақ тергеуші бізбен байланысқа шықпайды. Олар бұл істі әдейі кешіктіреді, өйткені кез келген қылмыстық істің өз мерзімі бар", – дейді марқұмның әпкесі Ирина Шаевская.
Естеріңізге салсақ, Таразда массың деп келіншекке жедел жәрдем келмей қойған.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"