Маскүнем ата-аналар төрт айлық егіздерді аштан қатырды, бір сәби көз жұмды
Камчаткада Вилючинск қаласында маскүнем ата-ана сәбилерінің бірін аштан қатырды. Бұл туралы «Комсомольская правда» жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төрт айлық бала төрт күн бойы ештеңе жемеді. Егіздер әке-шешесі ішімдік ішіп жатқанда, балалар қараусыз қалған.
Ресей тергеу комитетінің облыстық департаментінің хабарлауынша, сәби балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды, өлімнің себебі әлі анықталған жоқ. Марқұмның сыңары қанағаттанарлық жағдайда. Ерлі-зайыптыларға "кісі өлтіру, яғни басқа бір адамды қасақана өлтіру, бір топ адамдар кәмелетке толмағанға қылмыс жасаған" деген айып тағылды.
4 маусымда туыстарының шағымынан кейін балалар ата-аналарының үйінен алынғаны белгілі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі