Визажист Гоар Аветисянның шеберлік сабағына алматылықтар ығы-жығы жиылды (видео)
Алматы тұрғындары Қазақстанға кәсіби косметика дүкенін ашуға келген мәскеулік визажист Гоар Аветисянның шеберлік сабағына таласа жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жиылған жұртшылық визажистті өте жылы қарсы алды. Бұл туралы ол өзі Instagram парақшасында атап өтті.
“Қаншама энергия, біз сахнаға шығып барамыз”, – деп жазды ол.
Алайда бір сәтте көрермендер Гоар Аветисянның қолынан ұстап, жібермей қойды. Фотосуретке қарағанда, әйгілі визажистпен кездесуге тіпті кішкентай балалары бар әйелдер де келген, олардың үшеуі көптің арасында жоғалып кеткен және Гоар Аветисянның командасы балаларды динамикпен хабарлап, табуға көмектескен.
Жанкүйерлермен фотосессия кезінде қауіпсіздік қызметі визажист пен команданың сауда орталығы ғимаратынан кетуін сұраған.
Гоар Аветисян көптің арасынан әрең шыққан. Тіпті кейбір адамдар оның соңынан тұраққа дейін ілесіп, кетіп қалмақ болған көліктің қозғалысын бәсеңдеткен.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр