Мәскеуде дрон "Москва-Сити" мұнараларының біріне құлады
Мәскеу мэрі Сергей Собянин "Москва-Сити" мұнарасына дрон құлағанын мәлімдеді. Тағы екі дронды әуе қорғаныс күштері жойып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше Внуково әуежайы жұмысын штатты режимде жалғастырып жатыр.
"Әуе қорғаныс күштері Мәскеуге шабуыл жасамақ болған бірнеше ұшқышсыз аппаратты жойды. Бірі Ситидегі мұнараға жеткен. 21-қабат деңгейіндегі қасбетіне зақым келді. 150 шармы метр әйнек қираған", – деп жазды ол.
Ресейдің қорғаныс министрлігі де шабуылды растады. Ведомство мәліметінше Мәскеу түбінде екі дрон жойылса, үшіншісі "Москва-Сити" аумағына құлаған.
"1 тамызға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облыстарындағы нысандарға дрондармен жасалған террористік шабуылдың жолы кесілді. Украиналық екі ұшқышсыз аппарат Одинцовск пен Нарофоминск аудандарында жойылды. Тағы біреуі радиоэлектронды күрес құралдарымен дронның байланысын үзіп, салдарынан басқарудан айырылған соң "Москва-Сити" кешеніндегі адамдар тұрмайтын ғимаратына құлады", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін 30 шілдеде екі дрон "Москва-Сити" кешеніне шабуыл жасаған еді. Салдарынан екі кеңсе ғимаратының қасбеті қирады.