Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу облысынан қазақстандық 3 ер адамның мәйіті табылды

Мәскеу облысында жүк көлігінен Қазақстанның 3 азаматының денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Интерфакс басылымына сілтеме жасап Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Ер адамдардың денесі Мәскеу облысы Чехов ауданынан табылған.

Мәскеу облысы ІІД НТВ арнасына хабарлауынша, ер адамдардың ауылға 24 ақпан күні келгені және жүк көлігін қойма аумағына қойғаны алдын ала анықталды.

Ведомствода мәлімденгендей, қазақстандық ер адамдар газдан уланып көз жұмуы мүмкін. Себебі олардың жанынан газ жанарғысы мен спиртті ішімдік шөлмектері табылыпты.

Сондай-ақ, ер адамдардың денелерінен зорлық-зомбылық белгісі табылған жоқ.

Хабарланғандай, көз жұмғандардың бірінің тұлғасы анықталған.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Балконнан құлап кеткен баланы құтқарып қалған полицей ауруханадан бірақ шықты (видео)

Сиднейде суда шомылып жүрген әйелге акула тап берді

Емі жоқ ауруға шалдыққан әйел бар ақшасын шашып біткен соң, сау екенін білген

Ислам дінін қабылдаған Линдси Лохан сән көрсетіліміне хиджаб киіп барды

Талқылау