Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу облысында жөндеуден қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

Мәскеу облысында Suhoi Superjet ұшағы апатқа ұшырап, орманға құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Baza

Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақта үш экипаж мүшесі болған. Үшеуі де көз жұмды. 

Ал тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Ұшақ Коломнадағы Апраксино ауылының маңында құлаған. Ол төтенше жағдай болар алдында апат сигналын берген. Құлаған ұшақ Газпром-Авиа әуе компаниясына тиесілі болған. Ұшақ Луховицыдағы зауыттан Внуковоға жеткізілуге тиіс болған. Алайда Мәскеу уақытымен 15:00 шамасында радардан жоғалып кеткен.  

ТАСС басылымының мәліметінше, ұшақ 2014 жылы жасалған. Оның жалғыз операторы –  Газпром әуе компаниясы. Тергеу авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады

Айта кетейік, аталған әуе лайнеріндегі соңғы ірі апат 2019 жылдың 5 мамырында Шереметьево әуежайында болған. Аэрофлот ұшағы Мурманскіге көтеріліп, найзағай соғуына байланысты әуежайға оралған. Қону кезінде ұшақтың шассиі сынып, ұшып-қону жолағына соғылып, өртеніп кеткен. Апат салдарынан борттағы 78 адамның 41-і қаза тапқан еді. 

 

Талқылау