"Маскаңыз шешіледі": Дариға Бадықова жас келіндерге кеңес берді
Актриса Дариға Бадықова жас келіндерге кеңес берді. Ол жастардан жұртқа жағыну үшін екіжүзділік танытпауды сұрады. Айтуынша, шынайы жүзін жасырған адамның сәті келгенде "маскасы шешіледі" деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жақсы болып көрінейін деп келіндік рөлді өтірік ойнамаңыз. Әртүрлі жағдай болғанда маскаңыз шешіліп, екі аяқ көктен келеді", - деп келіндерге кеңесін берді Бадықова.
Сондай-ақ, актриса артық салмағы үшін алаңдамайтынын айтты.
"Ол менің фишкам ғой", – деді Бадықова.
Айта кетейік, Дариға Бадықова – соңғы жылдары сұранысқа ие актрисалардың бірі. Ол "Келінжан" телехикаясындағы Айсараның образымен көпшілікке танымал. Айтуынша, өмірдегі жолдасы оны кинодағы серіктесі Рүстем Жаныамановтан қызғанбайды. Одан бөлек, актриса жолдасымен арақатынасында ешқандай қиындықтар тумайтынын ашық айтты.
"Құдай сақтасын, ондай сәттер болмады. Болмай-ақ қойсыншы", – деді ол.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген