Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас мектеп оқушылары такси жүргізушісін аяусыз ұрып, көлігін айдап кеткен

Новосібірдің Первомай ауданындағы төрт жас жеткіншек 43 жастағы такси жүргізушісіне шабуыл жасады. Оны аяусыз ұрып-соғып, содан кейін оны көлігіне салып, түнгі қаланы көрсетуге алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Одоевский көшесіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенің алдында болған. Түнгі сағат үш шамасында Ирина М. есімді азамат темекі алуға дүкенге кірген. Бір топ мас жеткіншектер сол кездің өзінде дүкеншіге дөрекі сөздер айтып тұр екен. Олардың үлкені 23 жаста, ал қалғандары мектеп оқушылары. Такси жүргізушісі оларға ескерту жасаған. Бұны көтере алмаған жеткіншектер оны ұрып, жерге құлатып, кем дегенде 20 рет соққы жасаған екен. Осыдан кейін олар оның күртешесінен көлік кілтін алыпты.

"Мен оларды қалаған жерлеріне апарып тастайтынымды айттым", - деді  зардап шеккен әйел.

Алайда, мас жастар оны көлікке салып, қаланы "қыдыртуға" алып кеткен.

Абырой болғанда қылмысқа тәулік бойы жұмыс істейтін сатушы куәгер болды. Ол бірден полиция шақырып, ұрланған көлікті егжей-тегжейлі сипаттады. Бір сағаттан аз уақыт өткен соң оны Первомайский ауданында ұстаған. Жігіттер қашуға тырысқанымен, Твардовский көшесінде қар құрсауына түсті.

Ресейдің тергеу комитетінің аймақтық басқармасы адам тобының өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық мақсатынсыз көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау