Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 қызметкерді жұмыстан босатты: Ақтөбе облысында мас полицей жас жұбайларды қағып өлтірді

Желіде Ақтөбе облысының полицейі үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Ақпаратқа сәйкес, 34 жастағы полицей тойдан кейін KIA көлігіне мас күйінде отырып, тізгінге ие бола алмай, 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыларды қағып кеткен. Полицей алғашында қылмыс орнынан қашып кеткенімен, кейін бойұсынған. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті, оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады. Жол апаты 23 шілде күні сағат 00:50 шамасында болған.

"Ақжар-1 ауданындағы айналма жолмен келе жатқан KIA көлігінің жүргізушісі жолаушымен бірге велосипедшіні қағып кетті. Велосипедші мен жолаушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды. Полицейге екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды. Нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар қызметінен босатылды", – делінген хабарламада. 



Айта кетейік, бұған дейін Алматыда телефонын ұрлатып, арыз жазуға барған азамат полицейлерден оңбай таяқ жегенін айтқан едік. Алматылық арыз жазуға барып, тәртіп сақшыларынан таяқ жеген. Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразылығын білдірген. Тіпті құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарған екен. 

Талқылау