"Мәртебелі фамилияңызға қарамаймыз": Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Amanat партиясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтан 300 мың гектарға жуық жердің мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Партия жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саировқа сілтеме жасап, қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын
Сонымен қатар бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған екен.
"Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр", – деді Ерлан Саиров.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан