Марстағы жәндіктер суретке түсіп қалған
АҚШ-тағы Огайо университетінің Уильям Ромозер есімді энтомологы Марста Curiosity аппаратының көмегімен Жерде мекендейтін жәндіктерге ұқсас тірі жандардың суреті түсірілгендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ромозердың айтуынша, Марста бірқатар анатомиялық мүшелерге, яғни, қанаттары, сауып қабығы, мұртшалар мен симметриялық дене бітіміне ие тірі ағзалардың бар көрінеді. Ғалым аппараттың көмегімен түсірілген суреттерді мұқият зерттеген. Сөзінше, кескіндердегі жәндіктердің жүріп немесе өозғалып келе жатқандығы анық көрінеді. Ромозер алдағы уақытта оның тапқандары Марста тіршіліктің бар екендігін дәлелдейтін айғақ болары сөзсіз екендігін жеткізді.
Десек те оның қызметтестерінің айтуынша, зерттеуші перейдолияға шалдығуы мүмкін екен. Яғни, ғалым ұзақ зерттеуден кейін жоқ нәрсеге сене бастайтын көрінеді. Перейдолияның көрнекі мысалы ретінде «Марстық сфинкс» суретін айтуға болады: Марстағы жарық пен көлеңкенің әсерінен аппараттағы сурет адам түріне ұқсап қалған.
Тағы оқыңыз: