Марат Омаров екінші некесінен туған қызын тұрмысқа берді
Марат Омаровтың ортаншы қызы тұрмысқа шықты. Ақ босаға аттап, келін атанған Зульфияның тойы Нұр-Сұлтанда дүркіреп өтті. Ал қазіргі уақытта үшінші әйелімен АҚШ-та тұрып жатқан композитор қызының қуанышына келе алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марат Омаров Зульфияның анасымен қызы 5 жаста болғанда ажырасып кеткен. Бүгінде үшінші рет отау құрған композитор жұбайымен және кенже қызымен Америкада тұрып жатыр. Ол ортаншы қызының тойына мұхиттың арғы жағынан жете алмады. Есесіне үлкен қызы Зарина әкесінің орнын жоқтатпады.
"Өмірің ертегідегідей болсын. Тағы бір сіңлімді күйеуге бердім. Енді ең кенжесі қалды", – деп жазды Зарина Омарова тойда түскен суреттерін жариялап.
Айта кетейік, 2019 жылы Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Зульфия әкесі мен бауырларымен қарым-қатынасы жайлы айтып берген еді.