Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда екі қолынан айырылған балаға пәтер берілді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов тоққа түсіп, екі қолынан айырылған 11 жастағы Балғынбек Бақтиярдың отбасына пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Балғынбектің жанұясында барлығы 8 бала бар. Олар осыған дейін Бейнеу ауданында апаттық үйде тұрған. Көп балалы отбасында жуырда ғана үшем дүниеге келді.

Балғынбектің ем алуы үшін әкесі Балғазы Серікбаев Ақтау қаласына пәтер жалдап, уақытша тұруға мәжбүр болған.  Сондықтан ол бүгін аймақ басшысына ризашылығын жеткізді. Ол баласының жағдайын айтып, облыс әкімінің жеке қабылдауына 2 ай бұрын кірген екен. Ал Ералы Тоғжанов барлық көмектің жасалатынын айтқан. Бүгін тілегі орындалған әке көз жасына ерік берді. Енді Балғынбектің тезірек жасанды қол салып, қатарға қосылуын қалайтын ол қаражат жинауға көмектескен халыққа да алғысын айтты. Олардың қуанышымен бөлісіп, құттықтауға арнайы Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те келді.

Еске сала кетейік, бұл қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын Бейнеу ауданында орын алған болатын. Ауылдағы трансформатрдың айналасында ойнап жүрген 11 жасар Балғынбек тоққа түсіп, екі қолынан айырылды.  Ауыр жарақаттың салдарынан дәрігерлер жарамсыз болып қалған екі қолын кесіп тастауға мәжбүр болды.

«Балғынбектің ата-анасы мен туыстары ұлының қолына протез салуға қол ұшын созуға қайырымды жандардан көмек сұрап, еміне қажетті қаражат жинады.  2018 жылдың қаңтар айында ресейлік дәрігерлер Балғынбекке жасанды қол орнатпақ. Енді қатарға қосылып, өз қажеттілігін өзі жасай алатындай дәрежеге жетсе, оқуын Ақтауда жалғастырады»,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кезекті былық Мәжілісте көтерілді

Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың толық нұсқасы пайда болды (видео)

Әуелбекова мен Болманов Төреғалиді жақтап сөйледі

Қоғам белсендісі Төреғалиді қорғаған Бүркітке ұрсып тастады

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

Талқылау