Маңғыстауда әлеуметтік көмекке арналған цифрлық платформа әзірленуде
Маңғыстаулық белсенді Мұқаш Оралбай әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мен қол ұшын созуға дайын еріктілерді байланыстыратын "Мейірімді Маңғыстау" цифрлық платформасын әзірлеуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж адамдардың өтініштерін бір арнаға жинақтап, еріктілерге қолдау көрсетуге мүмкіндік беру. Платформа арқылы азаматтар өз өтінішін қалдыра алады. Ал көмек көрсетуге ниетті жандар жарияланған өтініштермен танысып, мүмкіндігіне қарай қолдау ұсынады.
Жоба авторының айтуынша, платформаны құру идеясы қоғамдағы өзара жанашырлық пен қолдауды арттыру қажеттілігінен туындаған.
“Қазіргі таңда платформаның алғашқы нұсқасы әзірленіп, оның жұмысын жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Платформамен қатар оны таныстыруға арналған проморолик те Codex жасанды интеллект агентінің көмегімен әзірленді. Бір ғана цифрлық ресурс барлық мәселені шешпегенімен, мұқтаж адамның жағдайын жеңілдетуге және көмек берушілер мен көмек алушылардың байланысын орнатуға септігін тигізеді”, – деді Мұқаш Оралбай.
Автор алдағы уақытта жобаны пайдаланушылардың ұсыныстары мен қоғам қажеттілігіне қарай дамытуды жоспарлап отыр.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, заңсыз аударымдар жасаған: Енді өзі күдікке ілігуі мүмкін