Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында құны 870 миллион болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды

Жер телімі мемлекетке қайтару
Фото: magnific.com

Бас көлік прокуратурасы Маңғыстау облысында құны 870 млн теңге болатын 50 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство әуежай маңындағы аумақта заңсыз берілген жер телімін анықтаған. Бұл учаске бұрын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін берілген.

Алайда жер заңнамасын бұза отырып, бұл аумақ 10 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмай, қараусыз қалған күйде болған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кадастрлық құны 870 миллион теңге болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

“Маңғыстау көлік прокуратурасы әуежай маңындағы аймақтарда заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл ретте мемлекеттік мүдделерді қорғау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026 10:34