Заңсыз салынғын үйлерді жарнамалаған жылжымайтын мүлік сайтына айыппұл салынды

Алматыда үлестік құрылыс нысандарын жарнамалағаны үшін Krisha.kz және Korter.kz онлайн платформалары айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сайтта үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ нысандар жарнамаланған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде сайт операторларына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
"Заңнамаға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлер салуға азаматтардың қаражатын тарту, сондай-ақ мұндай нысандарды жарнамалау тек уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда немесе үлескерлердің құқықтарын қорғаудың заңда көзделген өзге де тетіктері болған кезде ғана рұқсат етіледі. Жарнамада көрсетілген жоғарыдағы платформалардағы нысандарда тиісті рұқсаттар болмаған", – делінген хабарламада.
ОқыңызНәтижесінде екі компанияға ірі көлемде айыппұл салынды:
- "Колеса" АҚ (Krisha.kz) – 1000 АЕК (4,3 миллион теңге);
- "Флетфай-Қазақстан" филиалы (Korter.kz) – 500 АЕК (2,1 миллион теңге).
Әкімдікте азаматтарға алғашқы нарықтан тұрғын үй сатып алар алдында құрылыс салушының үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты бар-жоғын және басқа да қажет құжаттарын міндетті түрде тексеру қажет екенін ескертті.