Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді
Маңғыстау облысындағы малдардың жаппай қырылуына байланысты қуаңшылық мәселесін шешуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

"54 миллион теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы бөлінетін болып жатыр. Дәл қазіргі уақытта соны сатып алу рәсімделуде. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешілетін болады", – деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.
Айта кетсек, өңірде қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536 жылқы қырылыпты. Қазір жалпы шығын есептелуде. Нәтижесі 2 апта ішінде белгілі болады. Соған сәйкес тиісті ұсыныстар енгізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда жылқылардың жаппай қырылғаны жайлы айтылған еді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?