Маңғыстаудағы көне шатқалға ойып жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында қызының есімін қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Бұл ақпаратты Ақтөбе қаласы мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова растады. Ол Манас Көшербаевтың жұмыстан кету өтінішін өз еркімен жазғанын айтты.
Еске салайық, шатқалда жазу жазған шенеунік Манас Көшербаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын.
"Ыбықты сай - Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Жалғыз ниетім – ұятты сөзді әдемі атқа ауыстыру еді" Аңдаусыз жаза бастым!", - деген еді қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”