Маңғыстаудағы кәсіпорындар жұмыстарын қайта бастады
Маңғыстауда тоқтап қалған кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз"баспасөз қызметі мәлімдеді.
"11 сәуір сағат 19:00-де Маңғыстау облысының бірқатар кәсіпорындары, атап айтқанда "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайсервис" ЖШС, "Бурғылау" ЖШС, өз жұмыстарын тоқтатты . Ал сағат 20:00-де аталған кәсіпорындардың қызметкерлері жұмысқа шықты", – деді компания.
Кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді.
Бұған дейін Астанадағы кәсіпорындар да наразылық білдірушілер және ұсталғандарға қолдау ретінде жұмысын тоқтатты. Олар ұсталғандарды босатуды талап етті.
Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзеннің жұмыссыз қалған азаматтары Астанада энергетика министрлігінің алдында түнеп шықты
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"