Маңғыстаудағы базарлардың бірінде ірі өрт шықты
22-ші шағын ауданда орналасқан "Масат" базарында ірі өрт шықты. Өртті сөндіруге жүзден астам адам тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеп.

Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, базардағы өрт туралы дабыл 27 қыркүйек күні сағат 6.55-те түскен. Екі сауда қатары толық өртеніп, 17 сауда бутиктері мен 14 контейнер және жалпы ауданы 750 шаршы метр болатын шатыр астындағы 60 сөре күлге айналды.
"Өрт сағат 9.16-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД - нің 68 қызметкері және 13 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.
Өрт 10.27-де сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан