Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Көк базардың жұмысы тоқтатылады

Алматыдағы Көк базардың жұмысы жұмыс күнінің ортасында тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ақпаратты базар әкімшілігі растады. 25 қыркүйекте базар сағат 12.00-ге дейін жұмыс істейді деп хабарланды. Базар енді тек 28 қыркүйек дүйсенбіде ашылады.

"Әкімдіктен жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық ресурстарының қауіпсіздігі үшін базарды жабу туралы ауызша нұсқаулық келді. Бізде басқа ақпарат жоқ", - деп хабарлады көк базар әкімшілігі.

Базардың жабылуы туралы естіген саудагерлер наразылығын білдірген көрінеді.

"Бұрын базар жабылады деген ақпарат болған. Бірақ бұл дұрыс емес ақпарат. Осы ақпаратқа байланысты базарды жалға алушылардың ереуілі басталып кетті. Нақты ақпарат бойынша базар бүгін түстен кейін жабық болады. Қалған уақытта штаттық режимде жұмысын жалғастырады", - дейді түсіндірді әкімшілік өкілі Ерлан Ерікұлы.

Талқылау