Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы жұмыстан шығарылды

Жарыс кезінде тәрбиеленушілерін ұрып-соққан Жаңаөзендік жаттықтырушы мектептен қуылды. Бұған дейін жаттықтырушының мінез-құлқы видеоға түсіп, сот ісінің тақырыбына айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бастығы Ысқақ Құлатайдың айтуынша, жаттықтырушы 20 желтоқсанда мектеп директорының 3-бұйрығына сәйкес дене шынықтыру мұғалімі қызметінен босатылған. Оқу процесі кезінде спорттық іс-шаралар өткізілуіне байланысты мектеп басшысы тәртіптік жазаға тартылған.

"Әдетте мұндай іс-шаралар қалалық бөліммен келісілгеннен кейін өткізіледі. Бұл жағдайда балалар жарысқа рұқсатсыз барды. Алайда қазір карантин. Сондықтан директор өзінің тарапынан бақылаудың болмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ысқақ Құлатай.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам жаттықтырушысының волейболшылардың беті мен басына қалай соққы жасайтыны бейнеленген видео тарады. Кейін бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімдігі мен білім министрлігінде түсініктеме берілді. 

Маңғыстауда волейбол жаттықтырушысының оқушыларына көрсеткен ерсі қылығы видеоға түсіп қалды. 

Артынша, желіде оқушыларды ұрып-соққан волейбол жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің бейне хабарламасы пайда болды. 

 

Талқылау