Маңғыстауда екі адамды өлтіруге оқталған күдікті ұсталды
Маңғыстау облысында көршілерін өлтіруге және зорлауға оқталған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: lada.kz
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, мас күйінде болған қылмыскер құрбан еткендер – оған көрші тұратын 23 жастағы жігіт пен оның қарындасы.
Қарақия ауданы, Жетібай ауылының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол екі адамды өлтіруге және кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталды деген күдікке ілінді.
"Ер адам мас болған. Оның құрбандары көршілері – жас жігіт пен оның қарындасы. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адам 10 миллион теңгеге әйелінің туысын өлтіруге тапсырыс бергені туралы жазған едік.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады