Маңғыстауда әкімдік қызметкерлері өздеріне 18 миллион теңге сыйақы аударған
Маңғыстау облысында Қарақия ауданы әкімі аппаратының бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, экс-бухгалтер мен статистика маманы 18 миллионнан астам теңгені ұрлаған.
"Қаражат карточкаға жалақы, демалыс, сыйақы және іссапар шығындары түрінде заңсыз аудару арқылы ұрланған. Сот үкімімен бухгалтер жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны бес жылға дейінгі мерзімге өтеу 2031 жылға дейін оның үш жастағы ұлы он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері.
Тағы бір қылмыскер, экс-статистик қызмет бабын пайдаланып ұрлық жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"