Маңғыстауда 16 баладан А гепатиті анықталды
Фото: ampravda.ru
Маңғыстау өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова жыл басынан бері А гепатитінің 20 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлшат Шорбасованың айтуынша, ауру көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеген.
2024 жылдың алғашқы үш айында өңірде 29 адамнан А гепатиті анықталған, оның 16-сы балалар.
Гүлшат Шорбасованың сөзінше, көбінесе бұл ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Ауру деректері барлық қала мен аудандарда тіркелген, тек Бейнеу ауданынан басқа.
"Қарақия ауданында 10 бала ауырған. Жаңаөзенде 3 бала, ал Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді, – деді маман.
Сондай-ақ дәрігер сырқаттанған балалардың жартысы вакцина алмағанын атап өтті.
"А гепатитінен қорғанудың ең тиімді жолы - алдын ала вакцина салдыру. Екі жасқа толған балалар мен бұған дейін екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар иммундауға жатады. Қытайдың "Хеолайф" вакцинасы екі кезеңнен тұрады: алғашқысы мен екіншісі арасында алты ай үзіліс болады. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мың балаға вакцина салынады, – деп қосты дәрігер.
Таразда екі адам антибиотиктен емшара бөлмесінде көз жұмды
Еске салайық, елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып саналатын адамның папиллома вирусына қарсы вакцинация қыздарға ғана салынып жатқанын жаздық. Енді бұл вакцинация ер балаларға салынуы мүмкін.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
