Маңғыстау облысындағы жылу электр станциясының электр блогы тағы істен шықты
6 шілдеде Маңғыстау облысындағы жылу электр станциясында №1 энергия блогы қайта ажыратылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, 6 шілдеде таңғы 5:51-де энергия блогы қалпына келтірілгеннен кейін, 12 сағаттан соң, сағат 17:33-те №1 энергия блогы қазандықтағы қуаттың күрт өсуіне байланысты қайтадан істен шықты.
"Тұрғындар үшін электр бойынша шектеу жоқ", – деп хабарлады компания сайты.
Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеде түн ортасынан кейін бастау жоспарлануда, өйткені энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.
Жөндеу жұмыстары 9 шілдеде түн ортасына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған