Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бюджеттің 700 млн теңгесімен компания шығындарын жапқан": Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларының басшылары ұсталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірге мұнай-газ саласындағы жекелеген кәсіпорындардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

"Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтеген. Одан бөлек мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.

“Аталған бұзушылықтар бойынша 10 шілде күні қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі  бойынша (Аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ 22 шілдеде "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

23 шілдеде "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды. 

Қаражат жымқыру дерегімен қылмыстық кодекстің 189-бабымен бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың өкілі ұсталды.

Прокурорлық тексеру басталғалы бері жүріп жатқан 19 сотқа дейінгі тергеу департамент өндірісінде жатыр.

Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды”, – делінген хабарламада.

Талқылау