Маңғыстауда жүздеген мұнайшы жалақыларын көтеруді талап етті
Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай кен орындарының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақтау-Лада" басылымына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қаламқас кен орнындағы "Ақтаукрантехсервистің" 200-ден астам қызметкері және Жетібай мен Жаңаөзен кен орындарындағы жұмысшылар жалақысын көтеру туралы өтініш білдірді. Оларды Ақтаудағы әріптестері де қолдады.
Жұмысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта бір қызметкердің жалақысы 120 мың теңгені құрайды. Азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты олар жалақыны 250-300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды.
Бүгін, 24 тамызда жұмысшылар президентке, премьер-министр Асқар Маминге, "ҚазМұнайГаз" АҚ Президенті Алик Айдарбаевқа және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовқа наразылықтарын айтып, жүгінді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ